Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Алматыда коронавирустың мутацияланған штамдары тарап жатыр
Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті қалада мутацияланған штамдардың тарап жатқанын мәлімдеп, алматылықтарды қорғану шараларын күшейтуге шақырады.
16:42 31.03.2021
Мегаполисте эпидемиологиялық жағдай ушығып тұр. Алматы қаласы «қызыл аймақта». Эпидемия басталғалы бері қалада коронавирус инфекцияның 34083 жағдайы тіркелген, жыл басынан бері- 15562 коронавирус жұқтырған науқас анықталды. Соңғы 7 күнде ауру көрсеткіші R-1,114 репродуктивті санында 149,4 құрады. 30 наурыз күні 526 жағдай тіркелді, тәуліктік өсім 1,5 пайыз.
«Ауру жұқтырудың көбеюі мутацияланған штаммдардың анықталуына байланысты. Онда инкубациялық кезең қысқа. Эпидемияның даму динамикасының соңғы 7 күнгі сипаттамасы мынандай: 23 наурызда - 380 жағдай, 24 наурызда – 341 жағдай, 25 наурызда - 330 жағдай, 26 наурызда – 450 жағдай, 27 наурызда - 510 жағдай, 28 наурызда-415 жағдай, 29 наурызда – 545 жағдай, 30 наурызда – 526 жағдай», - дейді Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова.
Департамент таратқан мәліметке сәйкес, күшейтілген карантин шараларының арқасында сауда орталықтарындағы жұғу деңгейі сәл төмендеген. Мәселен, ол 23,7% - дан 20,5%-ға дейін азайған.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram