Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Алматыда қарақшы әйелді пышақпен қорқытып, тонамақ болған
Алматы полицейлері әйелге қарақшылық шабуыл жасаған ер адамды ұстады.
18:21 31.03.2021
Алматы қалалық Полиция департаменті таратқан мәліметке сәйкес, Бостандық ауданы Радостовец көшесіндегі үйлердің бірінен «102» пультіне 00:50-де шұғыл қоңырау келіп түскен. Шошынған әйел көрші пәтерден көмек сұрап айқайлаған дауысты естігенін айтқан.
«Біз аталған мекенжайға санаулы минутта жеттік. Есікті ашпастан, пәтер иесі бәрі дұрыс екендігін және біздің көмегімізге мұқтаж емес екенін айтты. Бізге әйелдің дауысы үрейлі болып көрінді сондықтан біз мәселенің анық-қанығына көз жеткізбей, оқиға орнынан кетпеу туралы шешім қабылдадық. Біз есікті ашуды сұрадық, бірақ ешкім жауап қатпады. Кейін тыңдап тұрып, пәтер ішінде шудың, қандай-да бір кикілжіңнің бар екенін байқадық. Менің әріптесім кілт саңылауы арқылы бетіне қара бетперде киген адамды көрді, оның қолында пышақ болды, ер адам пышақты әйелдің тамағына тақап тұрды. Біз пәтерге кіріп, қарулы адамды ұстадық», - деді Алматы қалалық ПД Жол-патрульдік полиция полкінің инспекторы Нұрдос Тұрлыбек.
Тексеру барысында күдіктінің бұрын төрт рет сотталған 40 жастағы азамат екені анықталды. Қалалық криминалдық полицияның мәліметінше, күдікті көшеде қыздың соңынан түсіп, оның пәтеріне баса-көктеп кірген. Үйде ешкім болмаған.
«Ер адам пышақпен қорқытып, жәбірленушіге қарақшылық шабуыл жасаған, ол жәбірленушіден құнды заттары мен ақша беруді талап еткен. Алайда патрульдік полицейлер мен көршінің полицияға дер кезінде хабар беруі қаскөйдің қылмыстық жоспарларын бұзды. Ол қамауға алынды. Қылмыстық іс Бостандық аудандық полиция басқармасында тергелуде. Оқиға орнынан заттай айғақтар алынып, іс материалдарына тіркелді», - деді Алматы қалалық ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Еркін Іңкәров.
Дереккөз: polisia.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Дс
Сс
Ср
Бс
Жм
Сб
Жс
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
Серіктестер жаңалықтары