{metadescription}
Павлодар облысының бас санитары жаңа қаулы қабылдады

Павлодар облысының бас санитары жаңа қаулы қабылдады

Павлодар облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері жаңа қаулы қабылдады, деп хабарлайды ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналы.

Жаңа қаулы талаптарына сәйкес, Павлодар облысының әкімдігі, облыс қала мен аудан әкімдері, мемлекеттік орган, ұйым, кәсіпкерлік субъектілерінің, заңды тұлғалардың басшылары ашық және жабық ғимараттарда көріністі, отбасылық, ойын-сауық, ұжымдық, корпоративтік, салтанатты (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, ас беру) іс-шараларын және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге, сондай-ақ жеке үй-жайлар мен құрылымдарды бұқаралық корпоративтік және басқа шараларды өткізу үшін жалға алуға тыйым салуы керек.

Сондай-ақ ойын-сауық мекемелерінің (караоке, бильярд, қорқор бөлмелері, компьютер клубтары, ойын клубтары, букмекер кеңселері, лото терминалдары бар объектілер, түнгі клубтар, боулинг орталықтары) қызметіне тыйым салынады. Фудкорттардың, банкет залдарының да жұмыс істеуіне болмайды.

Ал қалааралық, ауданаралық автобус, шағын автобус жолаушылар тасымалының жұмысына рұқсат.

Қаулының толық мәтінімен мына жерден танысуға болады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.