{metadescription}
Алматыда жеңіл көлік КамАЗ-ға соғылып, 2 адам қаза тапты

Алматыда жеңіл көлік КамАЗ-ға соғылып, 2 адам қаза тапты

Алматы қаласының Наурызбай ауданында КамАЗ бен ВАЗ бетпе-бет соқтығысты.

Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, көлік апаты бүгін түскі сағат 12:00 шамасында Абай саяжайындағы Наурызбай аумағында болды.

«ВАЗ-211440» автокөлігінің жүргізушісі Карьерная көшесінің солтүстік бағытында келе жатып, қарсы қозғалысқа арналған жолаққа шығып кеткен. Нәтижиесінде КамАЗ көлігіне соғылған. Оқиға орнына жедел жәрдем шақырылды. Жол-көлік оқиғасы салдарынан ВАЗ-211440 автокөлігінің жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Ал оның 2002 жылы туған жолаушысы ауруханаға барар жолда қайтыс болды», - деді Алматы қаласы ПД тергеу басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.

Жүк көлігінің жүргізушісі де жарақат алды. Алайда ауруханаға жатудан бас тартты. Бұл дерек сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде ҚРҚК 345-бабы, 4-бөлігі бойынша тіркелді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.