Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Алматыдан 313 км қашықтықта жер сілкінісі болды
ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ-нің сейсмикалық стансалар желісі 2 сәуір күні Алматы уақытымен 01 сағат 20 минутта жерасты дүмпуін тіркеді.
10:02 02.04.2021
Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 313 шақырым қашықтықта, Қытай Халық Республикасының аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 11,8, магнитудасы – 5,5. Жерасты дүмпуі 15 километр тереңдікте болған. МSК-64 шкаласы бойынша жер сілкінісі Алматы қаласында сезілген жоқ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!