{metadescription}
Қызылорда қаласының әкімі қызметінен босатылды

Қызылорда қаласының әкімі қызметінен босатылды

Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда әкімі қызметінен кетті.

Енді ол - премьер-министр кеңсесінің өңірлік даму бөлімінің меңгерушісі. Бұл туралы Қазақстан премьер-министрінің сайтында мәлім болды.

Нұрлыбек Нәлібаев 1976 жылы Қызылорда облысында туған.

Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін, Қазақ гуманитарлық заң университетін бітірген. РФ Президенті жанындағы Ресей Халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясының 3 курс докторанты.

Еңбек жолын 1997–1998 жылдары аралығында «Казахойл-коммерция» ЖШС мұнай және мұнай өндірісі сарапшысы болып бастаған.

1998-2005 жылдары жеке коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтер атқарған.

2005–2007 жылдары — Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары. 

2007-2008 жылдары — Қызылорда облысы әкімі аппаратының басшысы. 

2008-2013 жылдары — Қызылорда облысы, Шиелі ауданының әкімі. 

2013-2021 жылдары — Қызылорда облысы, Қызылорда қаласының әкімі.

 2021 жылғы 1 сәуірден бастап Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Өңірлік даму бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.