Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Әуежайда екі ұшақ соқтығысты
Ұшақтардың біреуі жақын жерде тұрған Як-40-ға барып соғылған, әуежай тұрағы мен ұшақтар тексеріліп жатыр.
12:04 02.04.2021
Сургут қаласындағы әуежайда оталып тұрған ATR-72 маркалы ұшақ өздігінен жүріп кетіп, жақын жердегі Як-40 әуе кемесіне соғылды.
"Алдын ала мәліметке сәйкес, 2021 жылы 1 сәуірде ұшақтарға техникалық қызмет көрсету кезінде қозғалтқышы істеп тұрған ATR-72 әуе кемесі өздігінен жүріп кетті. Соның салдарынан тұрақтағы Як-40 ұшағына соғылды. Екі ұшақтың салонында экипаж да, жолаушылар да болған жоқ", - делінген ресми хабарламада.
Қазіргі кезде оқиға орнында арнайы мамандар жұмыс істеп жатыр. Олар әуежай тұрағы мен ұшақтарды тексеруге кірісті. Куәгерлерден де жауап алынуда. Негізгі мақсат – оқиғаның мән-жайын анықтау. Тексерістің нәтижесі бойынша процессуалды шешім қабылданады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram