Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Пойыз апатқа ұшырап, 41 адам қаза тапты
Тайваньда жолаушылар пойызы апатқа ұшырап, салдарынан кем дегенде 41 адам қаза тапты.
15:13 02.04.2021
Төтенше жағдай жұма күні Хуаялянь уезіндегі Дацин туннелінде жергілікті уақытпен сағат 09.00-де (Нұр-Сұлтан уақытымен 07.00-де) болды. Алдын ала мәліметке сәйкес, сегіз вагоннан тұратын пойыз туннельдегі жолдың тастарын тазалап жатқан көлікпен соқтығысқан. Екінші және үшінші вагон рельстен шығып кеткен.
Қайғылы оқиғадан кем дегенде 41 адам қаза тауып, 60-тан астамы жарақат алды деп хабарланды. Пойыз 350 жолаушыға есептелген. Хабарлама дерегінше, пойыз көбіне туристерді тасыған. Рельстен шығып кеткен пойыздың жанындағы жүк көлігінің қалдығы суретке түсірілген.
Теміржол әкімшілігінің мәліметінше, пойыздың алдыңғы бөлігі үңгіржолдың тысқары бетінде қалған. Қазіргі кезде үңгіржолдың ішкі жағында қалған жолаушыларды құтқару бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Көз жұмғандар саны әлі де артуы мүмкін.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram