{metadescription}
Шымкент қаласының бас дәрігері үндеу жасады

Шымкент қаласының бас дәрігері үндеу жасады

Шымкенттің бас дәрігері Бақытжан Позилов қала тұрғындарына үндеу жасады.

«Инфекцияның таралуын болдырмау мақсатында сақтық шараларын қатаң ұстану қажеттігін ескертеміз. Арақашықтықты сақтап, бетперде тағып, адам көп шоғырланған орындарға бармай, сақтық шараларын ұстануға шақырамыз. Коронавирус инфекциясына шалдыққан науқаспен байланыста болған азаматтар үйде отырып, карантин талаптарын ұстауы тиіс. Қажет жағдайда жергілікті емхана мамандары науқаспен байланыста болған азаматтарға еңбекке жарамсыздық қағазын ашып бере алады», - дейді Бақытжан Позилов.

Айта кетейік, күні кеше Шымкент қаласы жасыл аймақтан сары аймаққа өткен болатын. Шаһарда соңғы тәулікте індет жұқтырудың 96 жағдайы тіркеліп, 60 адам инфекциялық стационарға жатқызылған.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.