Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Сағынтаев карантинде кәсіпкерлерге қандай көмек көрсетілетінін айтты
Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев өңір деңгейінде бизнесті қолдау мақсатында кешенді шара дайындалғанын айтты.
18:49 02.04.2021
Бұл шаралар кәсіпкерлердің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Соның ішінде өңірлік және қалалық іскерлік кеңестің отырыстарында коммуналдық төлемдер, жұмыс істемеген кездегі жалдау ақысы бойынша қарыздарды жою шаралары ұсынылды.
"Кәсіпкерлерді қолдау бойынша дайындалған іс-шаралар пакеті орта кәсіп шығындарын, коммуналдық төлемдерін толық субсидиялауды, қоғамдық жұмыс орындарын құруды, мемлекеттік және квазимемлекеттік мүлікті жалдау ақысынан босатуды, базарлар мен ойын-сауық орталықтарында орынды жалға алушылардың жалдау ақысының 30%-ін субсидиялауды қарастырады", - деді әкім брифинг кезінде.
Сағынтаев қолдау шаралары бизнес-қауымдастық және "Атамекен" кәсіпкерлер палатасымен бірге талқыланатынын атап өтті.
Сонымен қатар, республикалық деңгейде бірқатар қолдау шаралары дайындалған. Соған сәйкес, жұмысы тоқтаған немесе шектеу шаралары енгізілген бизнеске салықтан, төлемдерден, қызметкерлерге әлеуметтік төлемдерді төлеуден босату, несиелерді төлеуді кейінге шегеру секілді қолдау көрсетіледі.
Дереккөз: Sputnik
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram