Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Алдағы күндері ауа райы қандай болады
Қазгидромет 3-5 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады.
21:00 02.04.2021
Айдың бас кезінде Қазақстанның шығыс жартысында антициклонға байланысты ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады.
«Батыс аймақтарға солтүстіктен және оңтүстіктен екі циклон келеді. Олар кейіннен бірігіп, елдің көп бөлігіндегі ауа райына әсер етеді. Жауын-шашын (жаңбыр, қар) жүріп, оңтүстік және оңтүстік-шығыста негізінен жаңбыр түрінде болады, ал кей жерлерде күшті жауын-шашын орын алады. Еліміздің кей жерлерінде тұман, көктайғақ, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста найзағай, бұршақ, желдің күшеюі, оңтүстік-батыста шаңды дауыл күтіледі», - делінген хабарламада.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram