Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Жел күшейіп, көктайғақ болады: синоптиктер ауа райын болжады
"Қазгидромет" орталығы бүгінге Қазақстан аумағында ауа райы құбылысын болжады.
09:02 05.04.2021
Алматы мен Нұр-Сұлтанда бұлтты ауа райы +7, +3 градус шамасында жылы болады және оңтүстік астанада жауын-шашын түседі
"Қазгидромет" мәліметінше, циклон солтүстік-шығысқа ығысып, ел аумағының басым бөлігіне ықпалын тигізеді. Кей жерлерде жауын-шашын жауады. Солтүстік-батыста – жаяу бұрқасын, оңтүстік-батыста – шаңды дауыл соғады, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста найзағай жарқылдайды.
Кей жерлерде тұман, көктайғақ жүріп желдің күшеюі күтіледі. Солтүстік-батыста – бұрқасын, оңтүстік-батыста – шаңды дауыл, ал оңтүстік пен оңтүстік-шығыста – найзағай, бұршақ болуы мүмкін.
Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, түнде көктайғақ, күндіз найзағай ойнайды. Бұршақ жауып, 15-20 м/с жел соғады және екпіні 23-28 м/с дейін күшеюі мүмкін.
Түркістан облысында да ауа райы осылай құбылады.
Алматы облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, 15-20 м/с дейін жел соғады.
Қызылорда облысының кей жерлерінде желдің күшеюі 15-20 м/с дейін жетіп, түнде найзағай ойнайды.
Маңғыстау мен Атырау облысының кей ауданында тұман күтіледі. Күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Маңғыстау облысының кей жерлерінде шаңды дауыл тұрады.
Ақмола, Қарағанды, Қостанай облысында тұман, көктайғақ болады. Жел 15-20 м/с күшейіп, Қостанай облысында бұрқасын соғады.
Солтүстік Қазақстанда – түнде, Шығыс Қазақстан облысында – таңертең тұман күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с дейін күшейеді.
Батыс Қазақстан, Ақтөбе облысында тұман түсіп, соңы көктайғаққа ұласады.
Павлодар облысының кей жерлерінде тұман, түнде кей жерлерде көктайғақ, ал күндіз желдің күшеюі 15-20 м/с болады.
Алматы қаласында күндіз 7 градус жылы болады. Күн бұлтты әрі жаңбыр жауады.
Ал Нұр-Сұлтанда күндіз 3 градус жылы әрі бұлтты болады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram