{metadescription}
Қаза тапқандар бар: Алматыда 5 көліктің қатысуымен жол апаты болды

Қаза тапқандар бар: Алматыда 5 көліктің қатысуымен жол апаты болды

5 сәуірге қараған түні Алматы облысындағы Өтеген батыр ауылына кіре берісте адам өліміне алып келген жол-көлік оқиғасы болды.

Lexus RX300 солтүстік бағытта Покровка және Өтеген батыр кенттерінің арасында жылжыды. Lexus түсініксіз жағдайларға байланысты жоғары жылдамдықпен қарсы қозғалыс жолағына шығып, Volkswagen Golf автокөлігімен соқтығысқан. Volkswagen жүргізушісі соқтығысуды болдырмауға тырысып, содан кейін қарсы жолаққа шығып кетіп, темір тіреуішке барып соғылды

Осы уақытта Lexus қарсы жолақпен жүріп өтіп, Pontiac Vibe-ге соқтығысты. Соққыдан Pontiac 180 градусқа аударылды, ал Lexus жылдамдықпен Audi 100 көлігін соқты. Қатты соқтығысудан Audi аударылды, бұл кезде Lexus Hyundai Accent-ті соқты, ол жолдан шығып, жол белгісіне соғылды, деп жазады zakon.kz.

Hyundai-мен соқтығысқаннан кейін, Lexus толық аударылды. Жол апаты салдарынан 6 адам зардап шекті, 4-і орташа ауырлық дәрежесінде. Lexus және Hyundai жолаушыларының жағдайы ауыр. Audi жүргізушісі мен жолаушысы сол жерде қаза тапты. Алдын ала мәліметтер бойынша, Audi жолаушысы жүкті болған.

Оқиға орнында жол полициясы қызметкерлері, жедел жәрдем, криминалистер және өрт сөндіру автокөлігі жұмыс істеді. Сондай-ақ, оқиға орнында Алматы облысының анықтаушысы бар. Апаттың мән-жайы зерттелуде, тиісті сараптама тағайындалды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.