{metadescription}
Нұрлан Нығматулин Жапония елшісімен парламентаралық ынтымақтастықты талқылады

Нұрлан Нығматулин Жапония елшісімен парламентаралық ынтымақтастықты талқылады

Бүгін Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Жапонияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Тацухико Касаиды қабылдады.

Палата спикері елшінің қазақстандық-жапондық қарым-қатынасты, соның ішінде, парламентаралық байланысты нығайтуға қосқан айрықша еңбегіне тоқталды. Бүгінде Жапония Қазақстанның маңызды стратегиялық әріптестерінің бірі саналады.

Нұрлан Нығматулин атап өткендей, біздің елдерімізді бейбіт өмір құндылықтары, әлеуметтік-экономикалық дамуды қамтамасыз етуге бағытталған ортақ ұстанымдар біріктіреді.

Мәжіліс төрағасы Нұр-Сұлтан мен Токио арасындағы дәстүрлі достық өзара тиімді әріптестік және ынтымақтастық негізінде жоғары деңгейде даму жолына түскенін алға тарта келіп, бұл бағытта Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың рөлі зор екенін атап өтті.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.