Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Алматы метросы тегін wi-fi жүйесіне қосылды
Алматы метросының барлық бекеттерінде wi-fi іске қосылды.
Фото: КГП "Метрополитен"
15:11 05.04.2021
Бұл туралы метрополитеннің баспасөз қызметі мәлім етті. Тегін WI-FI желісіне метроға кіреберістен станцияға түскенге дейін қосылу керек.
«WI-FI желісіне кіру үшін пайдаланушы METRO wi-fi желісіне қосылуы керек. Кейін автоматты түрде сәйкестендіру бетіне өтесіз. Онда телефон нөміріңізді енгізіп, растау батырмасын басу керек», - деп толықтырды «Метрополитен» баспасөз қызмет.
Бұған дейін Сарыарқа мен Достық метро стансалары қашан ашылатыны туралы хабарлаған болатынбыз. Республикалық бюджеттен толық қаржыландырылатын болса, Алматы метросының екі жаңа бекеті 2021 жылдың желтоқсан айында пайдалануға беріледі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram