Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Жүздеген тұтқын түрмеден қашып кетті
Дүйсенбіде Нигерияның Оверри қаласының (Имо оңтүстік штатының әкімшілік орталығы) орталық түрмесінен бірнеше жүз тұтқын қашып кетті.
16:04 05.04.2021
Басылымның хабарлауынша, белгісіз біреулердің қарулы тобы түрмеге басып кірген, жүздеген тұтқын қашып кеткен, кем дегенде бір полиция қызметкері қаза тапты.
«Шабуылдаушылар түрмені бір сағаттың ішінде басып алды», - деді куәгерлердің бірі.
Ол қарулы топ басты кіреберіс жерге әскери нөмірлері бар көлікпен келгенін атап өтті. Қазір түрмеге қосымша әскери бөлімшелер жіберілді. Қашып кеткен тұтқындар іздестіріліп жатыр.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram