Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Түркістанда жүкті әйелдің бауырынан құрт шықты
Жас ана облыстық ауруханаға ауыр жағдайда жеткізілді, оған шұғыл ота жасалды.
17:01 05.04.2021
Науқастың бауыр жылауығы жарылып кете жаздаған. Түркістан облысында дәрігерлер екі бірдей ота жасап, ана мен баланың өмірін аман алып қалды. Дәрігерлер алдымен әйелді кесар тілігі арқылы босандырды. Одан кейін лапоротомия әдісімен бауырдың оң жағын құрттан тазалады. Осылайша, екі бірдей ота жасап, ана мен баланың өмірін құтқарып қалды.
"Шұғыл диагностика мен зертханалық талдаудан кейін ота жасауға шешім қабылданды. Ана мен баланың өміріне қауіп төніп тұрған. Себебі эхинококк жылауығы жарылуға жақын болды. Қазіргі кезде ана мен баланың жағдайы жақсы, олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Екеуін де үйге жібердік", – дейді хирургиялық бөлімнің меңгерушісі Мақсұт Аймағанбетов.
Жалпы, жыл басынан бері облыстық ауруханада 3 501 ауыр ота жасалды. Ал өткен жылы дәрігерлер шамамен 12 мың ота сәтті өтті.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram