Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Тоқаев өзінің арнаулы өкілін тағайындады
Арнаулы өкіл саяси, экономикалық, гуманитарлық және экологиялық салаларда халықаралық байланыстарды жолға қояды.
17:28 05.04.2021
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан президентінің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі туралы жарлыққа қол қойды. Тоқаевтың жарлығымен Қазақстан президентінің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі лауазымына Ержан Қазыханов тағайындалды. Ол Қазақстанның АҚШ-тағы төтенше және өкілетті елшісі қызметінен босатылды.
Құжатқа сәйкес, Қазақстан президентiнiң халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі мемлекеттік саяси қызметшi болып табылады. Арнаулы өкіл Қазақстан президентiне есеп бередi.
Оның негiзгi мiндеттерi:
- саяси, экономикалық, гуманитарлық және экологиялық салаларда халықаралық байланыстарды жолға қою;
- Қазақстанның сыртқы саясатының негізгі бағыттарын және президент бастамаларын ілгерілетуді қамтамасыз ету.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram