Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Мусин Facebook-те таралып кеткен жеке мәліметтерге қатысты түсініктеме берді
Facebook әлеуметтік желісінде таралып кеткен қазақстандықтардың жеке мәліметіне қатысты ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин өз ойын білдірді.
19:13 05.04.2021
"Алдымен, Facebook секілді корпорацияның техникалық проблемасы бізге қолжетімсіз. Иә, кейбір азаматтарға қатысты жеке мәліметтердің таралғаны анықталды. Жалпы Facebook желісіне тіркелгенде көп адамдар ондағы ақпараттармен толық түрде танысып үлгермей жатып «ок» деген өз келісімін береді. Яғни ол келісімді ешкім оқып отырмайды. Мәліметтердің тарауына Facebook жауапты. Әлеуметтік желіге тіркелген адам өзінің жеке деректерінің қаншалықты қорғалатынын білмейді.
Сондықтан да мен азаматтарға интернет платформа да тіркелген кезде жеке мәліметтеріңізді жарияламауларыңызды сұраймын. Жеке деректерді желіге салмаңыздар. Яғни жеке куәлік, ұялы телефон нөмірі, банк картасының есепшоты тағы сол сияқты. Ал миллиондаған адамға қатысты жеке мәліметтердің таралып кетуінің себебі Facebook компаниясына ғана белгілі", - деді Бағдат Мусин Орталық коммуникациялар қызметінде онлайн өткен баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, таралған мәліметтерді хакерлер интернет алаяқтық мақсатында қолданылуы мүмкін, деп жазады stan.kz.
"Facebook желісінде ақаудың болғаны рас. Осы орайда біздің айтарымыз, әр адам өзіне қатысты деректерге ерекше мән берген дұрыс. Егер бөгде адам интернет немесе WhatsApp арқылы сіздің жеке деректеріңізді сұраса, онда полицияға хабарласқан жөн", - деді министр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram