Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Қайғылы оқиға болды: екі ВАЗ көлігі бетпе-бет соқтығысты
ВАЗ-2114 қарсы жолаққа шығып кетіп, басқа көлікпен соқтығысты.
10:39 06.04.2021
Жүргізушілердің бірі көз жұмып, бірі ауруханаға жеткізілді. Алматы облысында жол апаты адам өмірін қиды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Қайғылы оқиға Алматы облысының Жамбыл ауданындағы Ұзынағаш ауылында болды.
ВАЗ-2114 автокөлігі Қарасай батыр көшесімен келе жатқан. Осы кезде жаяу жүргінші "зебра" арқылы жолдан өтуге ыңғайланады. Жүргізуші адамды қағып кетпеу үшін рөлді бұрып, қарсы жолаққа шығып кеткен. Салдарынан ВАЗ-2107 автокөлігімен бетпе-бет соқтығысқан.
ВАЗ-2107 жүргізушісі алған жарақатынан сол жерде қайтыс болды. ВАЗ-2114 жүргізушісі көптеген жарақатпен ауруханаға жеткізілді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram