Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Белгілі қазақстандық актер Ілияс Тұрманов өмірден өтті
Алматыда белгілі театр және кино актері Ілияс Тұрманов көз жұмды.
11:37 07.04.2021
Наталия Сац атындағы балалар мен жасөспірімдер театрының жетекші актері Ілияс Тұрманов 4 сәуірде ұзаққа созылған дерттен бақилық болды. Қазақстанның мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова актердің отбасы мен театр труппасына көңіл айтты.
"Ілияс Тұрмановтың өлімі - кәсіби қауымдастық үшін ғана емес, сонымен қатар оның шығармашылығын жоғары бағалаған және жақсы көрген отандық театр көрермендері үшін орны толмас қайғы", - деді Райымқұлова.
Ілияс Тұрманов 1967 жылы дүниеге келген. Ол өзінің шығармашылық қызметін Жамбыл мәдени-ағарту училищесін бітіргеннен кейін Тараз қаласындағы Жамбыл облыстық орыс драма театрында бастады (1987 жылдан 1997 жылға дейін). 1998 жылы Сац атындағы балалар мен жасөспірімдер театрына ауысты. 20 жылдан астам уақыт бойы ол осы театрдың сахнасында ойнап, 50-ден астам рөлді сомдады.
"Ілияс өмірін мәдениетке, елге адал қызмет етуге арнады. Ол талантты еді және оны көпшілік жақсы көрді - театр оның өмірінің мәні болды", - делінген Сац атындағы балалар мен жасөспірімдер театрының патроны, Ресейдің Халық әртісі Николай Басковтың хабарламасында.
Ілияс Тұрманов киноға да түскен. 2003 жылдан бастап "Каждый взойдет на Голгофу", "Маленькие люди", "Остров возрождения", "Подарок Сталину", "Небо моего детства" фильмдерінде, "Астана - любовь моя" қазақ-түрік сериалында рөлдерді сомдады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram