{metadescription}
Өрттен 240 адам эвакуацияланды,  21-і зардап шекті

Өрттен 240 адам эвакуацияланды, 21-і зардап шекті

АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы тұрғын үйде болған өрт салдарынан кем дегенде 21 адам зардап шекті.

«Қазіргі кезде 90 отбасы эвакуацияланды, бұл шамамен 240 адам. Оқиға орнында 350-ден астам өрт сөндіруші мен жедел жәрдем қызметкері жүр. Абырой болғанда, күрделі жарақат алғандар жоқ, 21 пациент, соның ішінде 16 өрт сөндіруші жақын маңдағы ауруханаларға жеткізілді», - делінген өрт сөндіру қызметінің мәліметінде. 

CNN телеарнасының хабарлауынша, өрт оқиға Куинс ауданындағы 150 пәтерлік үйде орын алған. Үйдің алтыншы қабатында басталған өрт жалыны жоғары қабаттарды шарпыған.

Өрттің әлі сөндірілмегені атап өтілуде.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.