{metadescription}
«Көкшетау-Атбасар» тас жолында жол апатынан 3 адам көз жұмды

«Көкшетау-Атбасар» тас жолында жол апатынан 3 адам көз жұмды

Ақмола облысының «Көкшетау-Атбасар» тас жолында бірнеше көлік соқтығысты.

Жол апатынан үш адам көз жұмды. Ведомствоның мәліметінше, жол апаты бүгін сағат 13:59-да болды. Бұл туралы сағат 14:10 Атбасар аудандық полицияның кезекшілік бөліміне хабар түсті.

«Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары «Ваз2110», «ГАЗель» және «Фольксваген Гольф» көліктерінің соғылғанын анықтады. Соқыдан «ГАЗель» көлігінің газбаллон құрылғысы жарылды. Жол-көлік оқиғасынан «Фольксваген Гольф» көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Бұдан бөлек, «ГАЗель» көлігінің жолаушысы түрлі дене жарақатымен Атбасар аудандық ауруханасына жеткізілді», - деді ведомстводан.

Қазіргі кезде, осы оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің 345 бабының 4 бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Дереккөз: ҚазАқпарат
 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде