{metadescription}
Жел, тұман, жаңбыр: 9 сәуірге арналған ауа райы болжамы

Жел, тұман, жаңбыр: 9 сәуірге арналған ауа райы болжамы

Синоптиктер 9 сәуір күні ел аумағында ауа райы құбылмалы болатынын болжады.

Қазақстан территориясының басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады. Еліміздің кей жерлерінде жауын-шашын жауады. Тек оңтүстік бөлігінде күн ашық болады. Кей жерлерде тұман түсіп, жел күшейеді. Республикамыздың оңтүстік-батысында шаңды дауыл соғады, солтүстікте көктайғақ болады.

Ақмола, Павлодар, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, күндіз кей жерлерінде жел қарқыны 15-20 м/с жетеді.

Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады.

Қостанай облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді.

Күндіз Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел екпіні - 15-20 м/с.

Маңғыстау, Атырау облыстарында шаңды дауыл тұрады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.