Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Қазақстанда бір күнде коронавирус пен пневмониядан 22 адам қайтыс болды
Өткен тәулікте 2 440 адамнан коронавирус инфекциясы және 104 адамнан вирустық пневмония анықталды.
12:17 09.04.2021
Қазақстанда өткен тәулікте 19 адам коронавирустан, 3 науқас коронавирустық инфекция белгілері бар пневмониядан қайтыс болды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі. 9 сәуірдегі жағдай бойынша 30 219 адам КВИ-ға қарсы емдеу шараларын жалғастыруда (29 429 КВИ+, 790 КВИ-), оның 11 376 пациенті стационарда, ал 18 843 науқас амбулаториялық жағдайда емделуде.
Сондай-ақ, 517 науқас ауыр жағдайда болса, 163 адам өте ауыр дәрежеде жатыр және 87 пациент жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған. Өткен тәулікте 2 440 адамнан коронавирус инфекциясы және 104 адамнан вирустық пневмония анықталды.
Айта кетейік, пандемия басталғалы COVID-19 індетін жұқтырған адамдар 263 943-ке жетті.1 тамыздан бастап коронавирустық инфекция белгілері бар 51 159 пневмония жағдайы анықталды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram