{metadescription}
Алматы облысы бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды

Алматы облысы бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды

Алматы облысының мемлекеттік бас санитар дәрігері Ерғали Сыдыманов өңірдегі карантин шаралары туралы жаңа қаулыға қол қойды. 

Құжатқа сәйкес, қоғамдық тамақтану орындары жұмыс күндері сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істейді. Бірақ ғимаратты 50 проценттен артық толтыруға немесе 30 адамнан көп жиналуға тыйым салынады.

"Бизнес-орталықтар мен екінші деңгейлі банктер, валюта айырбастау пункттері, ломбардтар жұмыс және демалыс күндері сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді", – делінген қаулыда.

Республикалық деңгейге дейінгі барлық спорттық іс-шараларға тыйым салынған. Супермаркеттер мен гипермаркеттер сағат 09.00-ден 22.00-ге қызмет көрсетуіне және көлемі 2 000 шаршы метрден аспайтын азық-түліктен басқа тауар сататын дүкендерге жұмыс істеуіне рұқсат берілді. Сол сияқты азық-түліктен басқа да тауар сататын базарлардың жұмыс уақыты тек жұмыс күндері сағат 10.00-ден 17.00-ге дейінгі аралықты қамтиды.

Сауда ойын-сауық орталықтары ғимаратты 30 проценттен артық толтырмау қағидасын сақтай отырып, тек жұмыс күндері сағат 10.00-ден 20-00-ге дейін қызмет көрсетеді.

Монша мен сауна және СПА орындары сағат 08.00-ден 22-00-ге дейін жұмыс істейді.

Спорт кешендері мен фитнес-орталықтары тек жұмыс күндері ғана адамдарды қабылдай алады.

Қаулының толық мәтінімен мына сілтемеден танысуға болады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.