Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Вакцина салдырғаннан кейін бала көтеруге бола ма: Мамандар жауап берді
Алматы қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Табынбаев Нариман Болтайұлы вакцина салдырғаннан кейін жүктілік жоспарлауға болатынын айтты.
13:36 09.04.2021
Табынбаевтың айтуынша, жүктіліктің алдында вакцина салдырса, ананың бойындағы антиденелер балаға да беріледі және бұл ешқандай қауіп тудырмайды. Алайда, жүктілік кезінде вакцина салдыру қауіпті.
"Жүкті әйелдерге вакцина салғызуға болмайды. Ал вакцина салдырғаннан кейін жүкті болса, ана мен балаға айтарлықтай қауіп төндірмейді. Өйткені ананың бойындағы антиденелер балаға беріледі. Вакцина салдырғаннан кейін қанша уаықттан кейін жүктілікті жоспарлауға болатыны туралы ешқандай дерек жоқ. Иммунитет қалыптасқаннан кейін, бала көтеруге болады", - дейді Табынбаев.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram