Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Миллионерді өз үйінде өлтіріп кетті
Ұлыбританиядағы ең бай кәсіпкерлердің бірі, Лондондағы Sheraton Grand и Athenaeum қонақ үйлерінің иесі Ричард Саттонды өз үйінде өлтіріп кетті.
14:05 09.04.2021
34 жастағы ер адам кісі өлтірді деген күдікпен ұсталды. 7 сәуірде кешке белгісіз адам Дорсет округіндегі 83 жастағы кәсіпкердің үйіне кіріп, оған және оның жұбайына пышақпен шабуыл жасаған. Алған жарақаттарынан Ричард Саттон оқиға орнында көз жұмды, әйелі Бристольдегі ауруханаға жеткізілді.
Миллионерге тиесілі Sir Richard Sutton Ltd оның қаза болғанын растады.
"Бүгін таңертең жарияланған сэр Ричард Саттонның кенеттен қаза болуына қатты қайғырып, күйзелдік. Сэр Ричард қамқор, жомарт адам болған, ол өзімен бірге жұмыс жасайтындарды шынымен құрметтейтін және оларға үлкен отбасының бір бөлігі ретінде қарайтын", - делінген компания хабарламасында.
БАҚ-тың хабарлауынша, полиция шабуылға күдікті 34 жастағы ер адамды ұстаған. Полицияның мәліметінше, қылмыскер мен марқұм бір-бірін танымаған. Саттонның байлығы 301 миллион фунт стерлингке бағаланады. Қонақ үйлерден басқа, кәсіпкердің жылжымайтын мүліктері және фермалары бар.
Дереккөз: stan.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram