Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Ер азамат бұрынғы әйелінің жалаңаш суреттерін қайын жұртына жіберген
Батыс Қазақстан облысында ер азамат ажырасып кеткен әйелін жалаңаш түскен видеоларын жариялаймын деп қорқытып, кері қайтармақшы болған.
15:38 09.04.2021
Облыстық ПД-нің мәліметінше, 32 жастағы әйел әлдебіреудің оның жалаңаш түскен суреттері мен видеоларын жариялап жібергенін айтып шағымданған. Кейіннен бұл суреттерді оның бұрынғы күйеуі таратқаны белгілі болған. Осылайша, ер азамат әйелін бопсалап, қайта қосылмақшы болған, деп жазады stan.kz. Оның үстіне ҚР ҚК-нің 311 бабы бойынша "Порнографиялық материалдарды немесе заттарды заңсыз таратқаны үшін" іс қозғалған.
Күдіктінің кінәсі анықталса, оған 2000 АЕК (5 834 000 теңге) көлемінде айыппұл немесе 600 сағатқа қоғамдық жұмыстарға тарту, сонымен қатар, екі жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе шектеу жазалары қарастырылған. Ер азамат интимді видеолар мен суреттерді әйелдің туыстарына жіберіп үлгерген.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram