{metadescription}
Алматыда кіреберісте тұрған балалар арбасын өртейтіндер пайда болды

Алматыда кіреберісте тұрған балалар арбасын өртейтіндер пайда болды

Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті баларға арналған арбалардың жаппай жануының жиілеп кеткенін мәлім етті.

Департамент таратқан мәліметке сәйкес, 2020 жылдың 6 қазаннан бастап бүгінгі күнге дейін көппәтерлі тұрғын үйлердің кіреберістеріндегі арбалар мен велосипедтерді өртеудің 35 жағдайы тіркелген.

«Тек 2020 жылдың 6 қазаны мен 25 желтоқсан аралығында мегаполисте түнгі уақытта 20 өрт тіркелді. Сонымен қатар бір күнде бірнеше өрт оқиғалары болды. Атап айтар болсақ, 2020 жылдың 7 қарашасында таңғы сағат 7-ден 10-ға дейінгі уақытта Бостандық ауданында № 2,14,28 «Қазақфильм» және №5, 33 «Алмагүл» шағынаудандарының көпқабатты үйлерінен шақырту түсті. Бірден 5 бригада жұмылдырылды. Сондай-ақ 2021 жылдың 27 ақпанында таңғы сағат 7-ден бастап, 10-ға дейінгі уақыт аралығында өрт сөндірушілер Бостандық ауданының «Көктем» шағын ауданында 3 мекенжай бойынша өртті сөндірді», - деп атап өтті Төтенше жағдайлар департаментінен.

Сондай-ақ қаланың төрт ауданында, атап айтқанда Алмалы, Әуезов, Бостандық, Медеу ауданыдағы тұрғын үйлердің кіреберістерінде 15 бала арбасының жану дерегі тіркелген. Оған қоса басқа да тұрмыстық заттар өртенген.

«Жүргізілген тексеру іс-шараларына сәйкес, барлық жағдайларда өрттің қасақана жасалғандығы анықталды. Қазіргі уақытта материалдар Алматы қаласының полиция департаментіне жолданды. Сонымен қатар Қазақстан Республикасындағы Өрт қауіпсіздігі ережелерініне сәйкес баспалдақ торларының астында, сондай-ақ эвакуациялық жолдарға кедергі келтіретін үй тұрмыстық заттарды, яғни балалар арбалары, шаналар, велосипедтер мен жиһаз жинауға тыйым салынады», - делінген хабарламада.

Осыған байланысты, тұрғындардың арасында жарақат алу, сондай-ақ өрт кезінде материалдық шығын келтіру жағдайларын болдырмау мақсатында ТЖД Алматы қаласының тұрғындарынан подъездерде бала арбаларын, велосипедтерін қоймауға шақырады, деп жазады ҚазАқпарат.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде