Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
«Ақтөбе» мен «Ордабасы» арасындағы тартысты ойын тең аяқталды
Алматыда өткен Қазақстан премьер-лигасының төртінші турындағы матчта «Ақтөбе» мен Шымкенттік «Ордабасы» ойнады.
21:15 09.04.2021
Алматыда «Ақтөбе» мен Шымкенттің «Ордабасы» командалары шеберлік байқасты. Есеп «Ақтөбе» — «Ордабасы» 4:4. Бұл ойында барлығы сегіз гол соғылды. Шымкенттік клуб қатарынан Темірлан Ерланов 12 Жоао Паоло 36, 74, Сергей Хижниченко 92-минуттарда мергендік танытты. Оған «Ақтөбе» құрамынан Игорь Сергеев 27, Еркебұлан Нұрғалиев 43, Рифат Нұрмұғамет 86, Михал Йерабек 94-минуттарда соққан голдарымен жауап қайырды.
Голдар: Ерланов 12 (0:1), Сергеев 27 (1:1), Жоао Пауло (1:2), Нұрғалиев 43 (2:2), Жоао Пауло пенальтиден 74 (2:3), Нұрмұғамет 86 (3:3), Хижниченко 90+2 (3:4), Йерабек 90+4 (4:4).
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram