{metadescription}
Модель фотода целлюлитін көрсетіп, кемшіліктерді жасырудан бас тартуға шақырды

Модель фотода целлюлитін көрсетіп, кемшіліктерді жасырудан бас тартуға шақырды

Британиялық модель мен теледидар жұлдызы өз денесінің суретін өңдеусіз көрсетті, желі қолданушыларын кемшіліктерді жасырудан бас тартуға шақырды.

Блогер Джорджи Кларк Instagram парақшасынад коллаж жариялап, іш киімдегі денесін әр қырынан көрсетті. Сол жақтағы кадрда ол камераға қарап, иықтарын түзетіп, бөкселерін қолдарымен ұстайды. Мұндай поза танымал адамның сымбатты көрінуіне мүмкіндік береді.

Келесі суретте Кларк жамбас пен бөкселеріндегі целлюлитті анықтап көрсету үшін артқа бұрылды. Посттың сипаттамасында ол әлеуметтік желілердегі суреттермен алдау көптеген адамдардың өзін-өзі бағалауына зиянды әсер ететінін түсіндірді.

"Әркім өзінің ең жақсы фотосуреттерін жариялайды - бұл қалыпты жағдай, алайда осы кадрларға қарап біз шындықты ұмытып кетеміз. Егер блогерлер дененің созылу белгілерін, целлюлит пен тыртықтарды көрсетпесе, бұл олардың жоқ екенін білдірмейді. Неге бізге сұлулық стандарттарын ұмытпасқа? Нағыз адам денесін қалыпқа келтірейік", — деп жазды модель.

Теледидар жұлдызының жанкүйерлері оның бұл әрекетіне риза болып, алғысын білдірді.

"Рақмет саған!", "Мен сені сүйемін!", "Сен тамашасың!", "Сен мені нағыз әйел сезінуге итермелейсіі! Саған рақмет айтқым келеді. Керемет адамсың, және  бізге қаншалықты әдемі екенімізді еске түсіргеніңді өте жоғары бағалаймын", "Мұндай фотосуреттерді жариялағаныңыз үшін рақмет, бұл маған көп көмектеседі", - дейді қолданушылар.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде