{metadescription}
Қарағандыда хабар-ошарсыз жоғалған адамның көлігі табылды

Қарағандыда хабар-ошарсыз жоғалған адамның көлігі табылды

Қарағанды облысы Нұра ауданы Кәрім Мыңбаев ауылының тұрғыны 8 сәуірге қараған түні көрші ауылға кетті, бірақ межелі жерге жетпеген.

Полицейлер мен құтқарушылар және еріктілер Қарағанды ​​облысында жоғалып кеткен 62 жастағы ер адамды іздеп жатыр. Қазірше ​​облыс аумағындағы Нұра өзенінен кәсіпкердің көлігі ғана табылды. Облыстық полицияның хабарлауынша, ер адам көлігімен аудан орталығына қарай кеткен, содан кейін оны ешкім көрмеген.

"Қазіргі уақытта жоғалған адамның көлігі ғана табылды. Іздеу шаралары жалғасуда", – делінген полиция ақпаратында.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті Нұра ауданында адамның жоғалып кеткені туралы хабар 10 сәуірде түнгі сағат үште түскенін мәлімдеді. Шағым айтушылардың сөзінше, жоғалған азамат 8 сәуірге қараған түні Кәрім Мыңбаев ауылынан Тассуат ауылына көлікпен кетіп, бірақ діттеген жерге жете алмаған.

"8 сәуірде жоғарыда аталған жол учаскесін су шайып кету фактісі тіркелмеген", – дейді төтенше жағдайлар жөніндегі департамент өкілдері.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.