{metadescription}
Ақмола облысында карантин шектеуі өзгертілді

Ақмола облысында карантин шектеуі өзгертілді

Ақмола облысында карантин шектеу шараларын күшейту туралы өңірдің бас санитарлық дәрігерінің №14 қаулысы өзгертіліп, толықтырылды.

Жаңа қаулыда ұжымдық құдайға құлшылық ету және көпшілік жиналатын іс-шараларсыз, оның ішінде «жұма», «тарауық», Айт намазы мен «ауыз ашар», сондай-ақ, Пасха мерекесін меркелеу кезеңінде құдайға құлшылық етуді және ic-шаралар өткізусіз, бip адамға кемінде 4 шаршы метр есебінен оларда орналаскан қоғамдық тамақтандыру объектілерінің жұмысына тыйым салып, діни объектілердің (мешіт, шіркеу, собор, синагог және т.б.) жеке кызметіне рұқсат беріліп отыр.

«Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында кызметі жүзеге асыратын Ақмола облысының қалалары мен аудандарының тиісті аумағындағы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерлері қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты карантин шараларын күшейту туралы шешім қабылдауға құқылы», - делінген қаулыда.

Дереккөз: ҚазАқпарат

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде