Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Қазақстандықтар ПТР нәтижесінсіз ұшаққа отырғызылмайды
ҚР ДСМ Бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысына сәйкес енді анықтама ұсынбаған жолаушылар әуе кемесінің бортына отырғызылмайды.
10:37 13.04.2021
Жаңа ереже бойынша ПТР теріс нәтижесі бар анықтама ұсынбаған жолаушылар әуе кемесіне отырғызылмайды. Осылайша шетелден Қазақстанға келетін рейстерге қатаң шектеу қойылды. Осыған дейін ПТР анықтамасымен келу тек шетелдік азаматтарға міндеттелсе, енді бұл ереже шетелден келетін барлық адамдарға қатысты болмақ. Әдеттегідей анықтама үш күнге ғана жарамды.
Қаулы 14 сәуірден бастап күшіне енеді.
«Карантиндік шараларды күшейту туралы шешімдерді облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерлері, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінің, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының басшылары қабылдайды. Карантиндік шараларды босаңсыту туралы шешімді қалыптасып жатқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері қабылдайды», - делінген қаулыда.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram