{metadescription}
Қарақшылар автобустан 15 жолаушыны ұрлап кеткен
Нигерияда қаруланған қарақшылар тобы автобустан 15 жолаушыны ұрлады.
16:48 13.04.2021
Leadership газеті мәлім еткендей, оқиға елдің солтүстігіндегі Кацина шататында болған. Куәгерлердің айтуынша, Сафана ауданындағы Цакския-Уммадау маршруты бойынша келе жатқан автобусқа шамамен 20 қарақшы шабуыл жасаған.
Қоғамдық көлікте Джибиа қаласындағы базардан қайтып келе жатқан саудагерлер болған. Гамбо полициясының өкілі Иса ұрлау фактісін растады.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!