Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Қостанайда 44 адамның атынан кредит алған алаяқ ұсталды
Өткен жылдың ақпан-маусым айы аралығында 44 адамның атынан онлайн кредит алған Қостанай қаласының 27 жастағы тұрғыны ұсталды.
21:00 13.04.2021
Жас жігіт алаяқтық жолмен азаматтардың атынан 30 мыңнан 50 мың теңгеге дейінгі аралықта кредит алып отырған. Сөйтіп, келтірілген материалдық шығын көлемі 1,5 миллион теңгені құрады. Күдікті адам бастапқыда түрлі сылтаумен таныстарынан жеке куәлігінің көшірмесін сұраған. Сондай-ақ, "ВКонтакте" әлеуметтік желісінен қосымша жеке деректер тауып, OLX сайтында жұмысқа орналасу туралы жарнама берген. Ол үшін әрине "үміткерлерден" фотосурет пен өзге де деректерді талап еткен.
Адамдардың жеке мәліметтерін осылайша қолға түсірген алаяқ үздіксіз онлайн кредитке өтінім тапсырып отырған. Мысалы, Қарағанды қаласының тұрғыны 2020 жылдың тамызында жүргізуші болып жұмысқа орналасу үшін өзінің жеке деректерін әлгі "жұмыс берушіге" мессенджер арқылы жіберген.
"Бәрібір де жұмысқа орналаспадым. Бірақ алты айдан кейін менің атыма белгісіз тәсілмен онлайн кредит берілгенін білдім. Қарыз сомасы 50 мың теңгені құрайды", – дейді алданғандардың бірі.
Ал полицейлердің хабарлауынша, зардап шеккендердің бірі алаяқтың жақын туысы болып шыққан. Сонымен қатар, олардың көбісі микрокредиттік компания өкілдерінің қарызды қайтару туралы өтінішінен кейін ғана білген.
Осы оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің 3-бөлімі, 190-бабы (алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Дереккөз: Polisia.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram