{metadescription}
Түркістан облысында жоғалып кеткен 60 жастағы ер адам күтпеген жерден табылды

Түркістан облысында жоғалып кеткен 60 жастағы ер адам күтпеген жерден табылды

Полицейлері Темірлан ауылында рейд жүргізу кезінде түнгі уақытта көшеде келе жатқан ер адамды тоқтатып, аты-жөнін сұраған.

Түркістан облысының полицейлері жоғалған 60 жастағы ер адамды тапты, деп хабарлады Polisia.kz. Ордабасы полицейлері Темірлан ауылында рейд жүргізу кезінде түнгі сағат 03:00 шамасында көшеде келе жатқан ер адамды тоқтатып, аты-жөнін сұраған. Егде жастағы жаяу жүргінші өзінің атын білмейтінін айтқан. Сонымен қатар сөйлеген сөздері де анық болмаған. Содан соң оның жеке басын анықтау мақсатында Ордабасы АПБ-не жеткізген.

Осылайша егде жастағы кісінің Шымкент қаласының ПД-де із-түзсіз жоғалғандар бойынша тіркеуде тұрған 60 жастағы Шымкент қаласының тұрғыны екені анықталды. Полиция қызметкерлері науқас кісінің туған-туыстарын іздестіріп, оларға хабар берген. Көп ұзамай ұлы Ордабасы АПБ-не келіп, полиция қызметкерлеріне өзінің алғысын білдіріп, әкесін алып кетті.

"Әкем үйден себепсіз шығып, жоғалып кеткен еді. Бүгін міне, түнгі сағат 04:00-де Ордабасы АПБ-ның полиция қызметкерлері тауып беріп отыр. Полицейлерге алғысымды айтамын", - деді Ержан Асанбеков.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде