Қазақстанның бір облысы жасыл аймаққа өтті
Коронавирустың "қызыл" аймағында әлі сегіз өңір тұр, Қазақстанның өзі де қауіпті аймақта орналасқан.
11:02 14.04.2021
Қостанай облысы коронавирустың таралуы бойынша "сары" аймақтан "жасылға" ауысты. 14 сәуірдегі жағдай бойынша республика өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы жарияланды.
"Қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Алматы, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары.
"Сары" аймақта Шымкент қаласы, Жамбыл, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Маңғыстау облыстары орналасқан.
"Жасыл" аймаққа Шығыс Қазақстан, Қостанай және Түркістан облыстары кірді.
Айта кетсек, бұған дейін Қостанай облысы "сары" аймақта болған еді. Қазақстанның өзі әлі "қызыл" аймақта тұр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!