{metadescription}
Полиция Павлодар тұрғыны балық аулап отырған жерді қоршауға алды

Полиция Павлодар тұрғыны балық аулап отырған жерді қоршауға алды

Балық аулауға барған павлодарлықтың лақтырма қармағына граната ілінді.

Саперлер оны арнайы капсулаға салды. Павлодардағы Усолка өзенінде балықшының қармағына граната ілінді, деп хабарлады Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі. 14 сәуірде сағат 19.30 шамасында полицияға Усолка өзенінен гранатаға ұқсас зат табылғаны туралы хабарлама түсті, деп жазады sputnik. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері аумақты қоршауға алып, адамдарды эвакуациялады.

Жарылыс-техникалық заттар тобының қызметкерлері кинология қызметімен бірге тексеріс жүргізгеннен кейін граната арнайы капсулаға салынды.

"Қазір ол ешқандай қауіп төндірмейді. Сараптама тағайындалды. Тексеріс жүріп жатыр", - деп хабарлады полиция.

Полицейлер қала тұрғыны жұртты дүрліктірген бұл затты балық аулау кезінде судан алып шыққаны анықталды.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.