{metadescription}
Шымкент қызыл аймаққа кірді

Шымкент қызыл аймаққа кірді

Өткен тәулікте Шымкентте 111 адам коронавирус жұқтырғаны анықталды.

Алдыңғы күні бұл көрсеткіш 74 адам болатын. Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес, Шымкент "сары" аймақтан "қызыл" аймаққа көшті.

Ал Шығыс Қазақстан облысы керісінше, "қызыл" аймақтан "сары" аймаққа ауысты. Осылайша "жасыл" аймақта Қазақстанның екі облысы – Қостанай мен Түркістан ғана қалды. Жалпы республикадағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасының бүгінгі күнгі көрінісі мынадай:

  • "қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары және Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Алматы, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстары.
  • "сары" аймақта: Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау облыстары.
  • "жасыл" аймақта: Қостанай және Түркістан облыстары.

Өткен тәулікте Шымкентте 111 адам, Шығыс Қазақстан облысында 95 адам коронавирус жұқтырған.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде