{metadescription}
ТЖМ басшысы жоғалған қарағандылық бизнесменді іздестіру туралы айтты

ТЖМ басшысы жоғалған қарағандылық бизнесменді іздестіру туралы айтты

Қазақстанның төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Нұра өзенінің маңында жоғалып кеткен 63 жастағы фермер Нұрлан Сүлейменовты іздестіру жұмыстары туралы айтып берді.

Ақылбек Ахметжановтың айтуынша, көлікті судан шығарғанда жүргізуші тұсындағы есік пен артқы терезе ашық тұрған. Жоғалған кісіні іздестіру шаралары әлі де жалғасып жатыр. Ал бірнеше күн бұрын оның көлігі өзен жағасынан 10 метр шалғай жерде табылған.

"Құтқарушылар көлікті алып шықты. Бірақ ішінде ешкім болған жоқ. Қазір іздестіру жұмыстары өзеннің төменгі жағында жүргізіліп жатыр. Оған құтқарушылар, еріктілер мен фермердің туған-туыстары қатысуда", – деді Ильин орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Оның айтуынша, өзеннен 63 жастағы Нұрлан Сүлейменовтің сыртқы киімі де табылған. Бірақ өзі жоқ. Құтқарушылар эхолотты қолданып жатыр. Бұдан бөлек, іздестіру шараларына сүңгуірлер де тартылды. Осы орайда министр әдетте іздестіру жұмыстарының 10-14 күн атқарылатынын жеткізді. Ал фермер 8 сәуірде жоғалған.

"Өкінішке орай, адамды тірі табу екіталай, бірақ біздің қызметкерлер жұмысты жалғастырады. Әдетте, 10-14 ішінде біз міндетті түрде жағдайға байланысты іздеу жұмыстарын жүргіземіз, содан кейін жұмысты жалғастыру немесе аяқтау туралы шешім қабылдаймыз. Естеріңізде болса, бізде Шығыс Қазақстан облысында балықшыларға қатысты жағдай болған. Біз қар жамылғысы толығымен орнатылып, мұз қатқанша 20 күн жұмыс жасадық. Енді туыстарының өтініші бойынша біз бұл жұмыстарды тағы да жалғастырамыз", - деді Ильин.

Министр суда қауіпсіздік шараларын барынша сақтау қажеттігін де атап өтті. Себебі көп жағдайда қайғылы оқиғаларға адам факторы себеп болып жатады.

"Мәселен, жақында Қостанай облысында К-744 тракторы аударылып қалды. Кабинада төрт адам болған. Біреуі шығып үлгерген, ал үшеуін құтқарушылар алып шықты. Өкінішке қарай, олар көз жұмды", – деді министр.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде