Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Қарағанды облысында әскери ұшақ апатқа ұшырады
Балқаш қаласының авиациялық оқу орталығында СУ-30 СМ көпфункционалды жойғыш ұшағы апатқа ұшырады.
08:02 17.04.2021
Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі 2021 жылғы 16 сәуірде сағат 20:45 шамасында оқу-жаттығу ұшуларын жүргізу кезінде Балқаш қаласының оқу авиациялық орталығына қону сәтінде СУ-30 СМ көпфункционалды жойғыш апатқа ұшырағанын хабарлады.
«Ұшақтың экипажы катапульттенді, қазір ұшқыштар медициналық бақылауда. Апат орнына арнайы комиссия жіберілді. Болған оқиғаның себептері зерттеледі», - деп хабарлады ҚР ҚМ баспасөз қызметі.
Бортта екі экипаж мүшесі болғаны, олар аман екені айтылады. Ұшқыштардың денсаулық жағдайы тұрақты деп бағаланды.
Айта кетейік, Су-30 ұшағы екі орынды көпмақсатты төртінші буынды әскери ұшақ санатына жатады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram