{metadescription}
Қарағанды облысында әскери ұшақ апатқа ұшырады

Қарағанды облысында әскери ұшақ апатқа ұшырады

Балқаш қаласының авиациялық оқу орталығында СУ-30 СМ көпфункционалды жойғыш ұшағы апатқа ұшырады.

Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі 2021 жылғы 16 сәуірде сағат 20:45 шамасында оқу-жаттығу ұшуларын жүргізу кезінде Балқаш қаласының оқу авиациялық орталығына қону сәтінде СУ-30 СМ көпфункционалды жойғыш апатқа ұшырағанын хабарлады.

«Ұшақтың экипажы катапульттенді, қазір ұшқыштар медициналық бақылауда. Апат орнына арнайы комиссия жіберілді. Болған оқиғаның себептері зерттеледі», - деп хабарлады ҚР ҚМ баспасөз қызметі.

Бортта екі экипаж мүшесі болғаны, олар аман екені айтылады. Ұшқыштардың денсаулық жағдайы тұрақты деп бағаланды.

Айта кетейік, Су-30 ұшағы екі орынды көпмақсатты төртінші буынды әскери ұшақ санатына жатады.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде