{metadescription}
Елордада асфальт опырылып, шұңқырға көлік түсіп кетті

Елордада асфальт опырылып, шұңқырға көлік түсіп кетті

Нұр-Сұлтандағы Шоқан Уәлиханов пен Ғұмар Қараш көшелерінің қиылысында жол төсемі опырылып түсті.

Қала басшылығы бұл оқиғаға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің Instagram-дағы парақшасы.

«Ш.Уалиханов пен Ғ.Қараш көшелерінің қиылысындағы жол жабындысындағы ойық мердігер ұйым диаметрі 300 мм СДР 17 трубасын сүңгіту тәсілімен тарту кезінде технологиялық процестерді сақтамауы салдарынан пайда болған. Соның кесірінен жауын суын ағызатын конолизацияның коллекторын (канализациядағы сұйық зат пен газды шығарып тұратын кең труба) су шайып кетіп, жол үстінде шұңқыр пайда болған», - делінген хабарламада.

Әкімдік заң бұзушылыққа жол берген мердігер ұйым жауапкершілікке тартылатынын атап өтті. 19 сәуір күні «Elorda Eco System» шаруашылық жүргізу құқығы бар мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны мен ПД Жол полициясы басқармасы бірлесе жол жабындысын қалпына келтіру жұмысын жүргізеді.


 


 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде