{metadescription}
Головкин әлем чемпионымен жекпе-жек туралы келіссөз жүргізуде

Головкин әлем чемпионымен жекпе-жек туралы келіссөз жүргізуде

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) жыл соңында жапондық Риота Муратамен (16-2, 13 КО) жекпе-жекке шығуды жоспарлап отыр.

Орта салмақтағы IBF және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) осы санаттағы WBA титулының иегері жапониялық Риото Муратаға (16-2, 13 КО) қарсы жекпе-жек өткізуі мүмкін. Инсайдер Крис Мэнникстің айтуынша, тараптар жекпе-жек туралы келіссөз бастады. Ал жекпе-жектің өзі Жапонияда 31 желтоқсан Жаңа жыл және Жапониядағы бокс күні қарсаңына жоспарлануда.

Жекпе-жек желтоқсанның аяғына.Кейін бұл ақпаратты Головкиннің промоутері Эдди Хирн растады:

«Геннадий Муратамен жекпе-жекті 31 желтоқсанға жоспарлап отыр».

Сонымен қоса Хирн Головкиннің бұған дейін америкалық Деметриус Андрадемен (30-0, 18 КО) тағы бір бірлескен жекпе-жек өткізетініне сенім білдірді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде