Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Елордадағы аттракциондардың біріне баланың саусағы қысылып қалды
Нұр-Сұлтанда құтқарушылар балаларға арналған аттракционға саусағы қысылып қалған кішкентай қызды құтқарып қалды.
12:47 19.04.2021
Елордалық төтенше жағдайлар департаментінің ақпараты бойынша, 18 сәуірде кешкі сағат алты шамасында құтқарушылар Қосшығұлұлы көшесі, 11 мекен-жайы бойынша барған. Төрт адамнан және бір техникадан тұратын жедел-құтқару жасағы оқиға орнына барды. Олар баланың саусағы шұңқырға қысылып қалғанын анықтады.
"Құтқарушылар бірден құтқару жұмыстарын жүргізе бастады және болт кескіштің көмегімен баланың саусағын босатты", - деп хабарлады төтенше жағдайлар департаменті.
Дереккөз: Stan.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram