{metadescription}
Қатты жел салдарынан мұз кесектері жолды жауып тастады

Қатты жел салдарынан мұз кесектері жолды жауып тастады

Қатты желдің салдарынан мұз кесектерінің биіктігі 5 метрге дейін жетіп, республикалық маңызы бар жолды жауып тастады.

Қостанай облысының тұрғындары ерекше табиғи құбылысты видеоға түсіріп алды. Далада мұз көшіп, жолды жауып тастады. Желіде тараған видеоны көлік жүргізушілері түсіріп алған. Мұз кесектері жолға шығып кеткен.   

"Мен мұндайды көрген емеспін", - дейді кадр сыртында.

Қостанай облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы желіде тараған видеоға қатысты түсініктеме берді.  

"18 сәуірде Сарыкөл ауданындағы жол жабылған болатын. Бұл – республикалық маңызы бар жол. Мұз кесектері жолға шығып кеткен. Биіктігі 5 метр. 19 сәуірде таңғы сағат 8:00-де 50 метр мұзды ғана тазалау жұмыстары қалған. Негізі – бұл табиғи құбылыс. Қатты желдің салдарынан мұз кесектері жолға шығып кетті", - дейді басқарма басшысы Олжас Нұрғалиев.

Дереккөз: Alau.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде