Ақпанда із-түзсіз жоғалған атыраулық жігіттің денесі табылды
Атырау қаласына орналасқан Қайыршақты ауылының тұрғыны Наурыз Әйтекешев 5 ақпанда үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған.
16:37 19.04.2021
Ал, 6 ақпанда кештен бастап полиция мен құтқарушылар 30 жастағы жігітті іздеуге кірісті. Алайда осы кезге дейін оның еш дерегі шықпаған еді. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, екі айдан астам іздеуде болған жігіттің денесі өткен сенбіде, 17 сәуірде сағат 13:00 шамасында табылған.
«Жоғалған жігіттің денесі «Атырау-Индер» бағытындағы жол бойында, Талқайраң елді мекені аумағында орналасқан шаруа қожалығының контейнерінен табылды. Мүрдені қарау кезінде дене жарақаты байқалмады. Мүрде сараптамаға тапсырылды», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!