{metadescription}
Қазақстандық әйел екі аяғы болмаса да, Эверест шыңын бағындырды

Қазақстандық әйел екі аяғы болмаса да, Эверест шыңын бағындырды

Мария Әуезова Эверестті бағындырып, 5 мың метрден астам биіктікте орналасқан лагерьге жетті.

Ерекшелігі сол - Мария аталған шыңға аяқсыз жетті. Бұл туралы астаналық әйелдің өзі Instagram парақшасында хабарлады.

 "Бұл мүмкін емес!". Бәрі осылай айтатын. Бірақ біз көздеген мақсатымызға жеттік! Иә, өте ауыр жол болды! Денем ауырды, қара терге түстік. Бүйрек те істемей қала жаздады. Өйткені қатты суық болды. Дегенмен, осының бәрін жеңіспен аяқтадық! Өзімді де, қорқынышымды да жеңдім!", - деп жазды Әуезова Instagram парақшасында.

Енді Марияның мақсаты басқа - протездердің үстінде тұрып, қайтадан барлық жолмен жүру. Экспедиция 10 күнге созылды. Орта есеппен Мария күн сайын 300 метрге көтерілді. Оның айтуынша, бірінші күні оттегі жетіспеді. Тәжірибелі альпинист Вадим Цхе Марияның қасында болды, оның арқасында акклиматизация сәтті өтті.

"Мария әлем бойынша аяғы жоқ әйел ретінде бірінші болып осындай ерлік жасап отыр... Тәртіп, бейнеті көп еңбек, өзіңмен жұмыс жасау, көл болып аққан жас, торығу... Дегенмен, аяққа қайта тұрып, жолды жағастыру армаңына деген адалдық күш береді, өзіңе сенуге көмектеседі", - дейді альпинист Вадим Цхе.

Эверестті бағындыруға бел буған альпинистердің жолында міндетті түрде тоқтайтын екі базалық лагерь бар - солтүстік (Тибеттен 5150 метр биіктікте) және оңтүстік (Непалдан, 5 шақырым 364 метр биіктікте). Дәл осы биіктікті Мария Әуезова бағындырды. Эвересттің өзі 8 километр 848,86 метр биіктікте.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде